WorldSkills Kazakhstan 2026 XI
Бүгін Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж базасында Білім басқармасының басшысы Айнагүл Ағыбайқызы WorldSkills Kazakhstan 2026 XI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының қатысушыларымен, сарапшыларымен, сондай-ақ облыс колледждерінің басшыларымен кездесті.
Чемпионат еліміздің астанасында 23-30 қараша аралығында өтеді. Биыл біздің облыстан чемпионатта 22 құзыреттілік бойынша 29 қатысушы бақ сынайды. Айнагүл Ағбайқызы қатысушыларға ақ жол тілеп, сарапшылар мен колледж басшыларына команданы дайындағаны үшін алғысын айтып, қатысушыларға өз қабілеттеріне сенімділік пен кәсіби біліктіліктерін көрсетулеріне тілектестік білдірді.
Біздің командаға сәттілік тілейміз! Чемпионат кәсіби шеберліктерін көрсетуге, құнды тәжірибе жинақтауға және облысымыздың намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғауға мүмкіндік берсін.
#WorldSkillsKazakhstan #WorldSkills #Колледждер #КәсібиШеберлік