«Үш құндылық – бір болашақ»
Колледж қабырғасында педагогтерді аттестаттау аясында 2026 жылдың 18-ші қарашасы күні оқытушы Мамбетова Д.С. УИЯ-1-25 топ студенттеріне «Үш құндылық – бір болашақ» («Адал азамат») тақырыбында танымдық сынып сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, парасаттылық, құндылықтар бірлігі мен кәсіби этика қасиеттерін қалыптастыру. Кездесу барысында еркін пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, оқытушы бағыт-бағдар берді, ал студенттер тақырыптың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті. Соңында Мамбетова Д.С. болашақ маман өз ісінің шебері ғана емес, адал әрі әділ азамат болуы керектігін атап өтіп, сынып сағатын қорытындылады.