Спорт және салауатты өмір салты
Сабақтың негізгі мақсаты – спорт және салауатты өмір салты тақырыптарын меңгерту арқылы білім алушылардың шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіру.
Сабақ барысында сөйлеу әрекетінің негізгі төрт дағдысын: тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылымды дамытуға бағытталған түрлі жұмыс формалары мен әдіс-тәсілдері қолданылды. Білім алушылар практикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындауға белсенді қатысып, тақырыптық лексикамен жұмыс жасады, неміс тілінде өз ойларын жеткізіп, пікір алмасты және алған білімдерін түрлі коммуникативтік жағдаяттарда қолдана алатындықтарын көрсетті.
Сабақ құрылымында интерактивті тапсырмаларға, коммуникативтік оқыту элементтеріне және бірлескен жұмыс түрлеріне ерекше назар аударылды. Бұл әдістер білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және шет тілін үйренуге деген ынтасын қалыптастыруға ықпал етті.
Өткізілген сабақ білім алушылардың тілдік білімдері мен дағдыларын бекітіп қана қоймай, олардың дене белсенділігіне, денсаулықты сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.