Ұстаздан – ұстазға: жүрекпен жеткізілген алғыс» атты мерекелік кеш өтті
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздан – ұстазға: жүрекпен жеткізілген алғыс» атты мерекелік кеш өтті.
Бұл күн — саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, бүгінгі таңда шәкірт тәрбиесіне үлес қосып жүрген педагогтерге шынайы алғыс білдіретін ерекше мереке.
Кеш барысында білім беру саласының дамуына үлес қосқан әріптестеріміз марапатталып, педагогтерге біліктілік санаттары бойынша куәліктер табысталды.
Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігі — ұстаз мамандығының сан қырын әзілмен әрі шынайы бейнелеген шығармашылық қойылым болды. Ал әсерлі әндер, би мен музыкалық нөмірлер кешке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаз болу — тек білім беру емес. Бұл — шәкірт жүрегіне жол табу, оған сену, бағыт беру және өзіңнен де биік болуға қанаттандыру.