«Таза орта, адал еңбек, заңға құрмет»

«Таза орта, адал еңбек, заңға құрмет»

12.11.2026 жылы «Адал азамат» бағдарламасы аясында биология пә...

12.11.2026 жылы «Адал азамат» бағдарламасы аясында биология пәнінің оқытушысы Науризбаева А.С. РПО-1-24 тобының студенттерімен «Таза орта, адал еңбек, заңға құрмет» тақырыбында аттестация аясында тәрбие іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға арнайы пәндер оқытушысы, педагог-сарапшы Искакова Ж. Ж. бақылаушы ретінде қатысты.

Іс-шара студенттердің экологиялық мәдениетін, еңбекқорлығын, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының заңдарына құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.

Іс-шара барысында студенттер қоршаған ортаның тазалығының маңызын, адал еңбектің әрбір адамның өміріндегі рөлін, сондай-ақ заңдарды сақтаудың және өзге адамдардың құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын талқылады. Қатысушылар түрлі өмірлік жағдаяттарды қарастырып, өз ой-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Іс-шара барысында интерактивті әдіс-тәсілдер қолданылды: миға шабуыл, жағдаяттық тапсырмалармен жұмыс, топтық талқылау, ақыл-ой карталарын құрастыру және проблемалық сұрақтарды шешу. Студенттердің өз бетінше ойлау қабілетін, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Таза орта, адал еңбек және заңға құрмет – лайықты азаматты қалыптастыратын құндылықтар!

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
13.11.2026
Дата обновления:
20.11.2026