И.В.Коцыктың туғанына 135 жыл толуына орай «Ұрпақтар сабақтастығы»

И.В.Коцыктың туғанына 135 жыл толуына орай «Ұрпақтар сабақтастығы»

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде көрнекті музык�...

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде көрнекті музыкант, ұстаз, хормейстер Иван Васильевич Коцыктың туғанына 135 жыл толуына орай «Ұрпақтар сабақтастығы» атты диалог алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – Иван Васильевич Коцыктың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту, оның қазақ музыкалық мәдениеті мен хор өнерінің дамуына қосқан үлесін дәріптеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың тарихи жады мен ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру.
Кездесуге қоғам және мәдениет қайраткерлері, өлкетанушылар, ғалымдар, жоғары оқу орнының оқытушылары, педагогикалық еңбек ардагерлері мен колледж түлектері қатысты.
Іс-шара барысында қонақтар Иван Васильевич Коцыктың өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қазақтың халық әндерін көпдауысты хорға бейімдеудегі еңбегі туралы ой бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Ашық диалог алаңы әр ұрпақтың көзқарасын тоғыстырып, тарихи тұлғаның еңбегін тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Кездесудің мазмұнын студенттердің музыкалық композициясы, жас орындаушылардың халық әндерін хормен орындауы және Мағжан Жұмабаев пен Иван Коцыктың бейнесіндегі жасанды интеллект технологиясымен әзірленген бейнеролик толықтырды.

Бұл кездесу – өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпір, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.
Тарихи мұраны сақтау – өткенге тағзым ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Ұлы тұлғалардың өнегелі жолы мен рухани мұрасы жас ұрпаққа әрдайым бағыт-бағдар бола берсін!
Қонақтарымызға мазмұнды пікірлері, құнды естеліктері мен жылы лебіздері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Өнер – ұрпақтар үндестігі, тарих – болашаққа аманат!

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
11.11.2026
Дата обновления:
20.11.2026