Бірінші педагогикалық кеңес – жаңа оқу жылының бастауы
2026 жылғы 31 тамызда колледжде «Адами капиталды дамыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңес өтті.
Талқылаудың негізгі өзегінде – заманауи түлек қандай болуы керек және оны мамандық пен болашаққа дайындау үшін бүгін не істеу қажет деген маңызды мәселелер тұрды.
Колледж директоры Г.Ш.Жақанова 2026-2027 оқу жылына арналған негізгі басымдықтарды айқындады: білім беру бағдарламаларын жаңарту, дуальды және практикаға бағдарланған оқытуды дамыту, жұмыс берушілермен әріптестікті нығайту, цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні енгізу, конституциялық құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
Студенттердің зияткерлік және рухани дамуын қамтамасыз ету, патриоттық сезімін және ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында колледжде жаңа оқу жылынан бастап «100 қазақ әні», «Кітапхана күні», «Психологиялық қолдау күні», «Қазақ тілі күні», «Мағжан күні», «Ұлттық киім және ұлттық ойындар күні», «Мағжан мұрасы – мәңгілік тағылым» сияқты жаңа жобалар енгізіледі, «Мағжантану: ізденіс және зерттеу» ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы және «Мағжанның өлеңдері менің жүрегімде» мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылады.
Ұсынылған жобалар педагогикалық ұжым тарапынан үлкен қолдауға ие болып, ерекше ықылас пен шабыт тудырды. Себебі дәл осындай бастамалар арқылы адами капитал қалыптасады. Адам – колледждің басты құндылығы әрі оның дамуының негізі. Білім беретін, шабыттандыратын, қолдау көрсететін және өздері де үздіксіз білім алуды жалғастыратын - адам. Студенттеріне сенім білдіріп, үлгі болу арқылы дамудың әр адамның өзінен басталатынын көрсететін жандар.
Сонымен қатар, педагогикалық кеңес барысында директордың орынбасарлары оқу, тәрбие, әдістемелік және өндірістік жұмыстар, колледждің цифрлық трансформациясы және WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша негізгі басымдықтарды таныстырды. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мен әлеуметтік педагог қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ерекше назар аударуды қажет ететін студенттерге сүйемелдеу көрсету бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.
Сондай-ақ білім беру және тәрбие процесін реттейтін құжаттар қараcтырылды: колледждің Ішкі еңбек тәртібінің ережелері, Студенттің Әдеп кодексі, студенттердің жатақханада тұру ережелері. Сонымен қатар ЦӘК төрағаларының, шығармашылық топ жетекшілерінің, аттестаттау комиссиясы мүшелерінің, жас және жаңадан келген педагогтердің тәлімгерлерінің құрамдары бекітілді.
Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер, жаңа идеялар және жаңа мүмкіндіктер!
Құрметті әріптестер, 2026-2027 оқу жылы кәсіби өсу, мықты бастамалар, тиімді ынтымақтастық және нақты нәтижелер жылы болсын!