«ӨНДІРІС → БІЛІМ БЕРУ: КӘСІБИ СҰРАНЫСТАН ТАБЫСТЫ ТҮЛЕККЕ ДЕЙІН»
Кәсіби сұраныстан табысты түлекке дейін
2026 жылғы 19 қарашада Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «ӨНДІРІС → БІЛІМ БЕРУ: КӘСІБИ СҰРАНЫСТАН ТАБЫСТЫ ТҮЛЕККЕ ДЕЙІН» облыстық форумы өтті.
Форум білім беру саласының өкілдерін, жұмыс берушілерді, әлеуметтік серіктестерді, педагогтер мен студенттерді біріктірді. Қатысушылар заманауи кәсіп талаптарына сай маман даярлау мәселелерін талқылады.
Форум жұмысы үш панельдік сессия аясында ұйымдастырылды:
«Әлеуметтік серіктестік: жаңа мүмкіндіктер» - болашақ педагогтерді даярлауда колледждің мектептермен және мектепке дейінгі ұйымдармен өзара іс-қимылы.
«Заманауи педагог: кәсіби сұраныстан педагогикалық шеберлікке дейін» - инклюзивті білім беру, оқытудың интерактивті әдістері, геймификация, көркем еңбек және жасанды интеллект дәуіріндегі тәрбие мәселелеріне арналған шеберлік сабақтары.
«Дуальды оқыту: жұмыс орнында білім алу» - студенттердің практикалық даярлығы және жұмыс берушілер сұранысына сай цифрлық құзыреттіліктер.
Пленарлық отырыста үздіксіз педагогикалық білім беру, кәсіби даму, кадр даярлау сапасына колледж бен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігі, сондай-ақ білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қарастырылды.
Форум мазмұнын студенттердің кәсіби практикасына арналған фотокөрме және дидактикалық материалдар мен студенттер жетістіктерінің көрмесі толықтырды.
Спикерлерге, әлеуметтік серіктестерге және барша қатысушыларға тәжірибе алмасқандары, ашық пікір білдіргендері және болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!