«Qazaq Quiz: Тіл білгірі» студенттер арасындағы тіл апталығы

«Qazaq Quiz: Тіл білгірі» студенттер арасындағы тіл апталығы

2026 жылғы 10 қыркүйекте Тілдер апталығы аясында студенттер �...

2026 жылғы 10 қыркүйекте Тілдер апталығы аясында студенттер арасында «Qazaq Quiz: Тіл білгірі» атты блиц-викторина өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау, тілдік білімдерін жетілдіру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру. Блиц-викторина топ ішінде, оқу орнының фойесінде ұйымдастырылды. Қатысушылар QR-код арқылы викторина сұрақтарына өтіп, смартфон көмегімен жауап берді. Мұндай формат студенттердің белсенділігін арттырып, заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Викторина барысында қатысушылар қазақ тілінің грамматикасы, лексикасы, орфографиясы мен фразеологиясына, сондай-ақ қазақ халқының ақын-жазушыларына қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді. Іс-шара студенттер үшін қызықты болды, олар өздерінің білімін, тапқырлығын және шапшаңдығын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беруге тырысты. Блиц-викторина қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер анықталып, білімге деген ынтасы мен белсенділігі үшін арнайы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара студенттердің қазақ тілін құрметтеуіне, тілдік сауаттылығын арттыруына, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен құндылықтарға деген қызығушылығын қалыптастыруға оң ықпал етті.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
10.09.2026
Дата обновления:
05.10.2026